Бейнеу маңында жол апатынан Қаржы министрлігінің үш қызметкері қаза болды

© bet.com

Ма??ыстау облысында жол апатынан ?Р ?аржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіні? ?ш ?ызметкері ж?не біріні? ?йелі мен баласы ?аза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Маңғыстау облысында жол апатынан ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің үш қызметкері және бірінің әйелі мен баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде қайғылы оқиға. Бүгін түнде кеден қызметінде еңбек ететін үш қызметкеріміз жол апатынан қаза болды. Комитет басшылығы және барлық қызметкер Жанғалиев Сандыбек, Салиев Айдос пен Сәрсенов Қасымханның отбасына көңіл білдіреді", - дейді ОКҚ-дағы брифинг кезінде комитеттің департамент директоры Жамбыл Сұрағанов. 

Оның сөзінше, оқиға Бейнеу маңында болған. Қызметкерлер "Тәжен" кеден бекетіне вахталық қызметіне кетіп бара жатқан. 

Реклама
Реклама

"Қызметкерлердің бірі көлікте отбасымен болған еді. Әйелі мен баласы қаза болды, тағы екі баланың жағдайы ауыр. Мемлекеттік кіріс органының әрбір қызметкері марқұмдардың отбасына мүмкіндігінше көмек береді деген ойдамын. Олардың артында отбасылары қалды. Жанғалиев Сандыбектің үш баласы, ал Салиев Айдостың кішкентай қызы бар", - деді Сұрағанов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама