Беларусьте ҚР елшілігінің есепшісі ұсталды

Беларусьтегі ҚР елшілігінің ғимараты

Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросы Беларусь Республикасында?ы ?аза?стан елшілігіні? а?а есепшісін ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің аға есепшісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бюро мәліметінше, Сейдуалиев 2012-2015 жылдар аралығында 207 000 доллар көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Ол "Активбизнесплюс" ғимаратын салған бас мердігерге ақшалар төлденді деген кассалық ордерлердің шығынына қатысты құжаттарды жалған дайындаған.

"Сондай-ақ, Сейдуалиев осы уақыт бойы елшілікке Беларусь Республикасының салық органдарынан қосымша құн салығы ретінде қайтарылған 474 883 доллар көлеміндегі қаражатты жымқырған. Бас есепшінің жымқырған қаражатының жалпы сомасы - 681 883 доллар", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі терегу жұмыстары жалғасып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама