29 қазан 2024 | 09:47

“Бензин құйып, өртеп жіберген“. Атырауда итті айуандықпен өлтірген екі адам сотталды

видео кадры

Атырау облысында итті айуандықпен өлтірген екі адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында итті айуандықпен өлтірген екі адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Оқиға биыл маусымда Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында болған. Екі адам көшеде итті ұстап алып, оны бағанаға байлап қойған. Біреуі итке бензин құйып, өртеп жібереді, ал екіншісі темірмен бірнеше рет ұрады. Ит сол жерде өлді. Оқианың видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Облыстық соттың баспасөз қызметі айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, оқиға болған жерді тексеру хаттамасы және сараптамалар қорытындысымен дәлелденгенін хабарлады. Олардың бірі кәмелетке толмаған сотталушылар кінәні толық мойындады, істеген ісіне өкініп, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Реклама
Реклама

"Айыпталушылар ҚР ҚК-ның 316-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жеңілдететін мән-жайларды - шын жүректен өкінуді, жастықты және соттылықтың жоқтығын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оларға 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная