Бес ай бұрын жоғалған 16 жастағы қыз Алматыдан табылды

Иллюстрациялық сурет © pixabay.com

Бес ай б?рын жо?алып кеткен к?мелетке толма?ан ?ыз Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысыны? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Бес ай бұрын жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыздың із-түссіз кеткені туралы оның 53 жастағы анасы 2017 жылдың тамызында Талғар АІІБ-ге арыз жазған. Аудандық полиция қызметі бірден іздеу жұмыстарына кірісті. 

"16 жастағы қыз анасымен бірге Қырғызстаннан келіп, Еңбекші қазақ ауданына тіркеуге тұрған, алайда, іс жүзінде ол мекенжай бойынша тұрмаған. Қазақстанда оның танысы, құрбысы да болмағаны іздеу жұмыстарын қиындатты. Қыз Алматыдағы әпкесіне қашып кеткені анықталды. Әпкесі қызды аяған соң жасырғанын айтады. Қыздың сөзінше, ол үйде анасымен үнемі жанжалдасып қалады екен", - дейді ІІД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Полицейлердің мәліметінше, қыз бала үйінен бірнеше рет қашқан. Осыған байланысты ювеналды полиция үйден қашудың себептері мен жағдайын анықтаумен айналысып жатыр. 

"Сонымен бірге, жасөспірім біздің елге келгеннен кейін мектепке бармаған, осыған байланысты білім органдарына хабар берілді. Қазіргі таңда қыз үйіне, анасына жеткізілді", - дейді полицейлер. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама