18 тамыз 2023 | 13:01

Бес жасар қыздың соққыға жығылғаны түсірілген видео: Астана соты шешім шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Елордалық сот туысының кішкентай қызды ұрып жатқаны түсірілген видео бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық сот туысының кішкентай қызды ұрып жатқаны түсірілген видео бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіге 14 тамызда шыққан. Полиция ақпаратына сүйенсек, бес жасар қыз балабақшаға барғысы келмей, наразылық білдірген. Бұған оның 17 жастағы туыс әпкесі ашуланып, оны ұрған. 17 тамызда елордалық сот іс бойынша шешім шығарды.

"Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі) А.-ға қатысты іс қарады. Сот А. кәмелетке толмаған Ж.-ға балабақшаға барғысы келмей наразылық білдіргені үшін физикалық күш қолданғаннан ауырсыну туып, денсаулығына жеңіл зиян келтіргенін анықтады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот мәліметінше, қыздың кінәсі мойындау айғақтары, заңды өкілдің түсіндірмесі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы, бейнежазба және істің басқа материалдары арқылы дәлелденген.

"А. баланың ата-анасымен татуласып, олар арыз бергеннен кейін сот қаулысымен іс тоқтатылды (ӘҚБтК 64-бабының 1-1-бөлігі)", - деп қосты сот.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная