Бес қазақстандыққа вайптерге бола қылмыстық іс қозғалды

видео кадры

Заңсыз қызметі үшін 5 күдікті ұсталды. Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрон темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер мыңдаған электрон темекі құрылғысын, 1 миллион теңгеден астам ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбалар және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапқан.

Заңсыз қызметі үшін 5 азамат ұсталды, олар топта әрекет ете отырып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электрондық темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді өткізуді ұйымдастырған.

Реклама
Реклама

"Темекіге жатпайтын темекі бұйымдарының, электрон тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы деректері бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға сұйықтықтарды тұтынудың электрон жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама