Бестеректегі қайғылы оқиға: жүргізуші екі айға қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында алты баланы қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында алты баланы қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған үш баланың қазасына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істі Абай облысы Полиция департаменті тергеп жатыр.

"Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауда ұстау санкцияланды", – деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Қылмыстық істің тергелу барысы ІІМ бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік авиация ұшағының бортында медициналық бригада ұшқан болатын.

Не болған?

19 тамыз, сейсенбіде Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген жүргізуші үйдің қақпасы маңында, жолдан 10 метр жерде тұрған балаларды қағып кеткен. Екі бала оқиға орнында, тағы бірі медициналық мекемеге барар жолда қаза тапты. Үш кәмелетке толмаған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Үржар ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, 55 жастағы жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сараптама кезінде оның мас болмағаны анықталды.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр, қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама