26 шілде 2022 | 09:01

Бестөбедегі кеніште заңсыз қазбамен айналысқан ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: "Алтыналмас" баспасөз қызметі

Ақмола облысы Бестөбе кенішінде заңсыз қазба жұмыстарымен айналысқан тағы бір алтын іздеушінің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысы Бестөбе кенішінде заңсыз қазба жұмыстарымен айналысқан тағы бір алтын іздеушінің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Үш адамнан тұратын топ 600 метр тереңдікте жұмыс істемей тұрған шахтадан табылды. Табылғанда олардың бірінен тіршілік белгілері байқалмаған, ал қалған екеуі тірі. Біреуінің жағдайы ауыр. 

Олардың ешқайсы Бестөбе кенішінің жұмысшысы емес. Үшеуі де осыған дейін күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Реклама
Реклама

Ұсталған азамат үшеуі алтын кенін заңсыз өндірумен айналысатынын мойындады. Оның айтуынша, оның сыбайластарын тас басып қалған. Біреуі сол жерде қайтыс болған, екіншісі ауыр жарақат алған (сынықтар, көгерген). Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная