Бильярд клубындағы өрт шамамен мың шаршы метрді шарпыды

Бильярд клубындағы өрт шамамен мың шаршы метрді шарпыды ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыдағы "Бастау" бильярд клубы өртеніп, шамамен мың шаршы метр аумақ бүлінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінің өкілі Нұрбек Қожахметовке сілтеме жасап.  

ТЖД-нің қызметкерінің айтуынша, төтенше жағдай туралы ақпарат сағат 09.55-те түскен. Төтенге жағдайлар қызметі оқиға орына 10.03 минут кеткенде жеткен. Өртке оранған ғимарат тоқтан ажыратылмаған, сондай-ақ, су құбырларындағы қысым да жоғарғы деңгейде болмаған. "Осындай жағдайлар өрт сөндіру жұмысын қиындатты. Өрт сөндіру автопойызы мен өрт сөндіру көліктері шақырылды", - дейді ТЖД-нің қызметкері.  

Мамандар Алматы қаласындағы 3 қабатты "Бастау" бильярд клубын екінші деңгейлі өрт шарпығанын айтады. Оқиға орында ТЖД 69 маманы мен 21 техникасы жұмылдырылды.  "Өрт жалпы аумағы шамамен мың шаршы метр болатын аумақты қамтыды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деді Қожахметов. Оқиғаның себебін ТЖД-ның арнайы мамандары анықтайтын болады. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматыдағы Шагабутдинов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы 3 қабатты "Бастау" бильярд клубы өртенгенін хабарлаған болатынбыз. Апаттың ауқымдылығы соншалық бұл өрттің жалыны мен түтіні қаланың кез-келген жерінен анық көрініп тұрды.  

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама