Бір адам қаза тауып, екеуі жараланған. Түркістан облысында диқандар атысты

Видеодан алынған кадрлар

Т?ркістан облысы Шардара ауданында?ы ауылдарды? бірінде атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауылдардың бірінде атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы 7 қыркүйекте Шардара ауданының АІІБ-не ауылдардың бірінде төбелес болғаны жайында хабарлама түскен.

"Оқиға болған жерге жеткен полицейлер клиентке таласқан диқандардың арасында жанжал болғанын анықтады, диқандар оқиға кезінде қару қолданған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК "кісі өлтіру" бабы бойынша тіркелді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полицейлер екі күдіктіні ұстады, олар Түркістан облысының тұрғындары. Күдіктілердің біреуінен аңшы мылтығы тәркіленді.

Кісі өлтіру дерегі бойынша облыстық тергеу басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама