Бір айдан кейін табылған курсант жоғалуының себебін түсіндірді

Ахат Исмагилов © facebook.com

Алматыда ?аза?стан ІІМ Академиясыны? бір ай б?рын іс-т?ссіз жо?алып кеткен 18 жаста?ы курсанты Ахат Исмагилов табылды. Б?л жа?алы?ты Tengrinews.kz тілшісіне баланы? анасы айтты. 

Алматыда Қазақстан ІІМ Академиясының бір ай бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы курсанты Ахат Исмагилов табылды. Бұл жаңалықты Tengrinews.kz тілшісіне баланың анасы айтты. 

"Менің ұлым Теміртаудағы үйімізге қайтып келді. Ол өзінің бұл әрекетін ҚР ІІМ Акадаемиясының полицейлерімен жанжалдасып қалғанымен түсіндірді. Ол өзі қарсылық көрсете алмағандықтан осындай қадамға барған. Сол себепті де осынша уақытқа дейін тығылып жүрген", - деді Татьяна Синева. 

Алайда баланың қайда болғаны, қалай күн көргені туралы анасы тіс жармады. Оның айтуынша, баласы оқуға қайтып бармайды. 

Реклама
Реклама

"Біз өз еркімізбен оқудан шығу туралы арыз жаздық. Мен өзім де осы жанжалдан кейін ұлымды онда жібергім келмейді. Бұл туралы ештеңе айтқым да, еске түсіргім де келмейді", - деді баланың анасы. 

Ахаттың өзі Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасудан бас тартты. 

Еске салайық, Ахат Исмагиловқа 2016 жылдың 23 қарашасында күндіз іздеу жарияланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама