Бір тәулікте үш адам суға кетті

Бір тәулікте үш адам суға кетті Фото ©РИА Новости

Қазақстанда бір тәулікте үш адам суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

7 мамыр күні Жамбыл облысының Қасық ауылындағы "Георгиевка" каналында 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткен. Жасөспірімнің денесін сағат 20:10-да жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. 

Тағы да сол аталған облыстың Қаратау ауылындағы Жартас өзенінде сағат 16:15-те  16 жастағы жасөспірім суға кеткен. Оның денесін 16:50-де Төтенше жағдайлар министрлігінің судан қорғау қызметкерлері тапқан. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ осы тәулікте Маңғыстау облысы Қарқара ауданында 29 жастағы ер адам суға батып мерт болды. Оның денесі демалыс аумағы қызметкерлерінің көмегімен судан табылған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама