ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2023 | 12:30
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірді
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.
Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бұрынғы әйелі Назыммен хабарласты. Ол бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, кеше оқиғаға байланысты оған көптеген қоңырау түскен.
"Иә, бұл - сұмдық. Қоңыраулар келе бастағанда, не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок", - деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.
Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.
"Біз 2020 жылдың 5 қазанынан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрмағанымызға одан көп болды. Біз сирек араласатынбыз, тек балалар тақырыбында. Балаларға көмектесетін, араласатын, бірақ соңғы жылы өте сирек. Бұл - трагедия. Салтанаттың отбасына қайғырып, көңіл айтамын", - деді Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Еске салайық, 2017 жылы Қуандық Бишімбаевқа қатысты басталған сот процесінде сотта оның бұрынғы әйелі Назым қоғамдық қорғаушысы болды.
Атышулы іс бойынша барлық сот процестеріне Назым өзі қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также