Бишімбаевтың ісі бойынша тергеушіге шабуыл жасалды ма? Полиция пікір білдірді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде әйелге жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Жәбірленуші Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеуші екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әйелге жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Жәбірленуші Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеуші екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

"Жәбірленушінің қызметі бұл тергеуге қатысты емес, күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін қылмыстық іс заңдылығын тексеріп, сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданған.

Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деді Астана ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Видеодағы оқиға 12 ақпанда болған. Криминалдық полиция қызметкерлері елорда аулаларының бірінде әйелге шабуыл жасаған 35 жастағы тұрғынды ұстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама