18 ақпан 2020 11:18

БҚО-да аурухананы өртеп жіберген ер адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысы Тасқалы орталық аудандық ауруханада өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Тасқалы орталық аудандық ауруханада өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт жайлы хабар кеше, 17 ақпанда сағат 05.41-де келіп түскен. 

Реклама
Реклама

"Матрастар мен кереуеттер өртенген, өрттің аумағы - 15 шаршы метр. Медициналық мекемеден 28 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып қалды", - деді БҚО ТЖД бас маманы Мұрат Бисембаев.

Алдын ала нұсқа бойынша, 42 жастағы науқас өрт шығарған. Ол өрт басталған кезде аурухананың екінші қабатынан секіріп кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline) 17 Фев 2020 в 7:22 PST

"Күдікті 18 ақпанда түнгі уақытта ұсталды. Қазіргі уақытта ол психикалық денсаулық орталығына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полицейлер. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram