24 маусым 2022 | 10:37

БҚО-да ауыл әкімі жол апатынан қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

БҚО-да Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО-да Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 23 маусымда сағат 1:50-де Жәнібек-Талов тасжолының 25-шақырымында, Тау ауылының маңында болған.

"Volkswagen Polo жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік шұңқырға құлап кетті. Салонда бір адам болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Марқұм Тау ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен төрт баласы қалды.

"Ауылдық округтердің ең үздік әкімдерінің бірі болды. Бұл - орны толмас қаза. Ол кеше ғана мемлекеттік қызмет күніне арналған барлық іс-шараға қатысты", - деді Жәнібек аудандық Ішкі саясат бөлімінің қызметкері.

Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная