30 қаңтар 2021 16:18

БҚО-да бес көлік соқтығысқан жол апатында жолаушы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тас жолда ірі жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тас жолда ірі жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер апат 30 қаңтарда таңертең сағат 10.30-да Орал-Атырау тас жолында болғанын хабарлады. Алғабас ауылының маңында Lada Granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114, Chevrolet Aveo автокөліктері соқтығысқан.

Реклама
Реклама

"Жол апаты салдарынан Lada Granta автокөлігінің жолаушысы қаза тапты, одан басқа зардап шеккен екі адам бар. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Полицейлер аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 12 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жалпы бес адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram