02 қаңтар 2022 | 12:48

БҚО-да боран салдарынан жолдар жабылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан кейбір жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан кейбір жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"2 қаңтарда ауа райы нашарлап, қатты бұрқасын салдарынан республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент 195-240 шақырым" Оралдан Ресей шекарасына дейін, "Самара -Шымкент 260-526 шақырым" Подстепное кентінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін, "Орал-Тасқала-Ресей шекарасы 4-104 шақырым" Оралдан Ресей шекарасына дейін, "Атырау-Орал 189-482 шақырым" Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін, "Подстепное - Федоровка - Ресей шекарасы 3-144 шақырым" Подстепное кентінен Ресей шекарасына дейінгі жолдарда барлық автокөлік үшін қозғалыс тоқтатылады", - деп мәлімдеді ТЖД өкілі.

"Қазақавтожол" сайтында жабық жолдар белгіленді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін БҚО-да ауа райы нашарлауына байланысты ескерту жарияланған еді. Облыстың солтүстік-батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная