ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2024 | 15:11
БҚО-да даулы видеодан кейін прокурорға қатысты тергеу басталды
Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Айболат Букенов облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйде көше кезіп жүргені түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" мәліметіне сілтеме жасап.

Жазба авторының айтуынша, бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған.
"Бұл мінез-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар заңға деген немқұрайлықты көрсетеді. Прокурор заңнаманы бірнеше рет бұзды, бұл оның құзыреттілігі мен әдептілігі туралы елеулі сұрақтар туғызады", - деп жазды бейнежазбаға Айболат Букенов.
Басылым мәліметінше, облыстық прокуратураның баспасөз қызметі қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также