БҚО-да дауыл соғып, үйлер шатырсыз қалды

БҚО-да дауыл соғып, үйлер шатырсыз қалды Фото: media.az

Батыс Қазақстан облысында дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

БҚО төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамызда Сырым ауданы Талдықұдық ауылында дауыл 11 үй және 10 ауыл шаруашылығы нысанының шатырын ұшырғаны туралы хабар түскен. Ал дауыл 5 тамызда соққан.

Сондай-ақ, бұл ауылда электр сымдары үзіліп, 30 үй жарықсыз қалған.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, 5 тамызда Ақжайық ауданы Жубан ауылында қатты жел соғып, ондағы ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Мамандар шығынның мөлшерін есептеп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама