ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2021 | 14:55
БҚО-да экс-полицей соққы көргенін мәлімдеген әйелін сотқа берді
БҚО-да әйелін ұрған экс-полицей оқиғаны БАҚ-та жариялағаны үшін оны сотқа берді. Былтыр Әсел Алқанова бұрынғы күйеуі Хайдар Жексеновтің алты жыл бойы ұрып-соғып келгенін БАҚ-та жариялады, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҚО-да әйелін ұрған экс-полицей оқиғаны БАҚ-та жариялағаны үшін оны сотқа берді. Былтыр Әсел Алқанова бұрынғы күйеуі Хайдар Жексеновтің алты жыл бойы ұрып-соғып келгенін БАҚ-та жариялады, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Істі жария еткені үшін Әсел Алқанованың бұрынғы күйеуі одан бір миллион теңге талап етті.
Сот отырысына басылымның бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров та қатысты. Газет айыпталушы тарап ретінде шақырылған. Бұрынғы полиция қызметкері бұқаралық ақпарат құралы мен мақала авторын екінші жария етуші ретінде жауапкершілікке тартуды талап етті. Алайда басылым мәліметінше, сот процесіне дейін Жексенов пен оның қорғаушысынан "УН" редакциясына ешқандай шағым түспеген. Бұл дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақталмағандығын білдіреді.
Сонымен қатар, Хайдар Жексенов соттан бір іс бойынша екі оқиғаны қарауды талап етті. Талап арызға сәйкес, ол ұрып-соғу дерегімен БАҚ сайтында және оның әлеуметтік желідегі парақшаларында шыққан ақпаратты теріске шығаруды сұрады. Алайда Лұқпан Ахмедьяров газет жұмысына қатысты шағымды қарауды тоқтауды сұрады.
Судья Хатима Ерсенова бас редактор өтінішін қарастырып, "УН" тарапына берілген талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарды.
Әсел Алқановаға қатысты моральдық зиян келтіргені үшін шығындарды өндіріп алу және жұбайының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау туралы сот талқылауы жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 2020 жылғы мамырда БҚО-да полиция қызметкерінің жұбайы әлеуметтік желілерде күйеуі үнемі ұрып-соғатынын айтып шағымданған еді. Ол жақ сүйегі сынып, ми жарақатын алғанын және денесінің бірнеше жерден көгергенін айтты. Осылайша іс көпшілікке жария болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также