БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметінен

БҚО-да жол талғамайтын көлік ВАЗ-2110 жеңіл көлігіне соқтығысып, аударылып қалды. Жол апатынан екі адам зардап шеккен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

БҚО-да жол талғамайтын көлік ВАЗ-2110 жеңіл көлігіне соқтығысып, аударылып қалды. Жол апатынан екі адам зардап шеккен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Оқиға 3 маусымға қараған түні Ақсай қаласындағы Әуезов көшесі бойында болған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 34 жастағы ер адам тізгіндеген Toyota Land Cruiser мен ВАЗ-2110 көлігі соқтығысқан. Соққыдан жол талғамайтын көлік аударылып, жеңіл көлік іске жарамсыз болып қалған.

Реклама
Реклама

Жол апатынан екі адам зардап шеккен. ВАЗ-2110 көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама