БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Орал-Кирсанова жолында, Спартак ауылынан алыс емес жерде болған. ВАЗ-21012 мен Lada Granta бетпе-бет соқтығысқан.

БҚО ПД баспасөз қызметі жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапқанын хабарлады. Тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.

Жарнама
Жарнама

Батыс Қазақстан ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, қаза болғандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдар көмегімен шығарған. Оқиға орнында департаменттің жеті қызметкері жұмыс істеді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама