30 қараша 2020 09:20

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қарашада Казталовка - Чапаево тасжолының 16-шақырымында болған.

Реклама
Реклама

"Волга" және "Лада Гранта" көліктері соқтығысуы салдарынан "Лада" жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Казталов аудандық орталық ауруханасына "Лада" көлігіндегі екі жолаушы мен "Волга" жүргізушісі жеткізілді", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасы 52 жастағы әйел мен екі ер адамның қайтыс болғанын, біреуі 40-50 жаста, екіншісі 1989 жылы туғанын хабарлады.

"Жол апаты болған жерден 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Оның қолының буыны шыққан. 27 жастағы әйелдің сүйектері сынған. Ол комада жатыр. Ал 69 жастағы ер адам жарақат алған және миы шайқалған", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram