БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт бала қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Оның төртеуі кәмелетке толмаған балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Оның төртеуі кәмелетке толмаған балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама