05 қараша 2020 16:27

БҚО-да жол апатынан 3 жасар бала қаза тапты

Фото: narachanka.by

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 жасар бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 жасар бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 қарашада сағат 15.50-де Чапаев-Жаңақала автожолының 118 шақырымындағы Жолқұдық кентінің маңында болған. 

Реклама
Реклама

ВАЗ-21010 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетінде келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігімен соқтығысқан.

"Жаңақала аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған екі жүргізуші, ВАЗ-21010 көлігінде отырған 3 және 6 жастағы екі бала жеткізілді. Өкінішке қарай, 3 жасар бала ауруханада жарақат салдарынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram