26 сәуір 2019 | 16:58

БҚО-да жол апатынан зардап шеккен оқушы қыз қайтыс болды

Иллюстрациялық сурет

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан зардап шеккен оқушы қыз 25 сәуірде ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" .

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан зардап шеккен оқушы қыз 25 сәуірде ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" .

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған 11-сынып оқушысы 25 сәуірде 16:14-те қайтыс болған. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында Жаңақала ауылында 20 сәуірде жол апаты салдарынан 6 оқушы зардап шекті. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Чапаев-Сайхин" тасжолының 121-шақырымында "Лада Ларгус" автокөлігіндің тізгінінде болған 11-сынып оқушысы, көлікті тізгінге ие бола алмай авто аударылған. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғалған. 

"2002 жылғы қыз балаға медициналық көмек қажет болды. Ол Жаңақала орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Түнде қаладан санавиация шақырылды, нейрохирург, хирург, реаниматологтар келіп, қызға ота жасады. Зардап шеккен оқушы қыздың жағдайы - аса ауыр халде", - деген еді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 21 сәуірде. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная