25 шілде 2023 | 09:03

БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 20 шілдеде сағат шамамен 22:45-те "Самара-Шымкент" тас жолының 415-шақырымында болған. 1984 жылғы жүргізуші "Ниссан Тиана" маркалы автокөлігін айдап келе жатып, жолға шыққан жылқы үйіріне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 1983 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен жолаушы Ақтөбе облысының тұрғындары.

Реклама
Реклама

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта малды қараусыз қалдырғаны үшін иесі іздестіріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram