15 шілде 2020 | 18:37

БҚО-да орман өрттерін сөндіру үшін Атыраудан тікұшақ жеткізілген

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер үш орман өртімен күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер үш орман өртімен күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіруге 100 адам мен 11 техника, оның ішінде тікұшақ жұмылған. 

Реклама
Реклама

"13 шілде сағат 23.50-де Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округінде, Коловерное ауылынан 10 шақырым жерде, "Бударинс" орман шаруашылығындағы" 16 гектар жерде орман өртенді. Өртті сөндіру үшін Атыраудан Ми-884 тікұшағы жеткізілді", - делінген хабарламада.

ТЖК мен орман шаруашылығы күштері жекелеген ошақтарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 14 шілде 19:02-де ауыздықталған.

Қазір Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Көнекеткен ауылдық округіне қарасты "Чапаев орман шаруашылығы" және "Есенсай орман шаруашылығы" аумағында құрғақ шөптер мен орман өртін сөндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрт оқшауланған. ТЖК, орман шаруашылығы және ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күштері мен құралдары жұмылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная