09 желтоқсан 2019 | 17:15

БҚО-да полицей ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында полиция инспекторы ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында полиция инспекторы ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

БҚО полиция департаменті өкілдері жол апатының 2 желтоқсанда таңғы алты шамасында болғанын айтады. Полицей өінің "Нива Шевроле" көлігін басқарған. Ер адам жаяу жүргіншіге арналмаған жолда кесіп өтпекші болғаны айтылады. 

Реклама
Реклама

"Көлік тізгінінде Тасқала полиция бөлімінің жол-техникалық инспекциясы тобының аға меминспекторы Сәкен Қожан болған. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" жүріп жатыр. Өзіндік қауіпсіздік қызметі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр", - дейді БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Александр Плешаков. 

Сот-медициналық сараптамашылар инспектордың қан құрамында алкоголь болмағанын айтады. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 56 жастағы ер адам қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Ол комада жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған. 

Айта кетейік, соңғы айда бұл БҚО полицейлерінің қатысуымен болған үшінші жол-көлік оқиғасы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная