01 сәуір 2024 09:18

БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыс кезінде құтқарушы пышақ жарақатын алды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылы маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде 26 жастағы құтқарушы пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жедел мәлімет бойынша, Қараөзен өзені жағасында жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланған. Ол кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында", - деді ведомство өкілдері.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, шабуыл жасаған адам мас болған. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram