26 мамыр 2022 | 14:42

БҚО-да тағы бір бала токқа түсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тағы бір бала токқа түсті, - деп хабарлайды mgorod.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тағы бір бала токқа түсті, - деп хабарлайды mgorod.kz

Басылым мәліметінше, бала аудандық ауруханаға жатқызылған.

Жазатайым оқиға 24 мамырда Казталов ауданы Бостандық ауылында болған. 6 жасар бала ойнап жүріп, трансформаторға жақындаған. Сөйтіп, баланы электр тогы соққан. Аудандық аурухананың бас дәрігері Зинур Саткештің айтуынша, баланың жағдайы орташа.

Реклама
Реклама

"Бала алақаны мен маңдайынан 1-2 дәрежелі электр жарақатын алған. Қазір ол ауруханада және барлық қажет емді алып жатыр", - деді аудандық аурухананың бас дәрігері.

Ауылдық округ әкімі Асланбек Сармалаев трансформатор шаруа қожалығының басшысына тиесілі екенін және қоршалмағанын айтты.

"Трансформатор иелеріне үнемі оларды қоршау керегін айтамыз. Мұндай проблема тек жеке трансформаторларға емес, электр желілеріне де байланысты. Оны ешкім кіре алмайтындай етіп қоршау керек", - деді Асланбек Сармалаев.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ойнап жүріп, трансформатор ұстаған 5 жасар бала қолынан айырылғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная