БҚО-да ұшқышсыз ұшу аппараты жарылған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
t.me/uralskweek_official

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оның қалдықтары елді мекендерден алыс жерде табылған.

"Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ. Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады", - деді министрлік өкілі.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілі бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама