22 шілде 2021 15:57

БҚО-дағы жағажайда жалаңаш би кешіне қатысқандар қамауға алынды

Видеодан алынған

БҚО-да жағажайдағы жалаңаш кештің екі қатысушысы қамауға алынды. Тағы біреуінің ісі Бәйтерек ауданының әкімшілік сотында қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жағажайдағы жалаңаш кештің екі қатысушысы қамауға алынды. Тағы біреуінің ісі Бәйтерек ауданының әкімшілік сотында қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер Орал қаласы маңындағы жағажайда жалаңаш би кешіне қатысқан үш адамның жеке басын анықтаған. Оларға қатысты 434-баптың 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама жасалған. Іс БҚО Бәйтерек ауданының № 2 аудандық сотында қаралды.

"28 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамау, ал 20 жастағы әйелге бес тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - деді БҚО облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сотта оқиға 18 шілдеде түнгі сағат екі шамасында "Ванильные берега" жағажайында болғаны айтылды. Жағажай иелері мен оны жалға алушыға да хаттама толтырылған.

"Өңір "қызыл" аймақта орналасқан және жаппай жиналуға тыйым салынады. ЖК иелері үшін айыппұл 230 АЕК (670 910 теңге), ЖШС-ға - 310 АЕК (904 270 теңге)", - деді БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхаметғали Арыспаев.

Айта кетейік, бұған дейін БҚО-да жеке жағажайда кеш ұйымдастырылғаны хабарланаған болатын. Онда жастар ішімдік ішіп, жалаңаш би жарысын ұйымдастырған. Кейін бұл оқиға жедел штаб отырысында қаралды. БҚО әкімі Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс беріп, кештің барлық қатысушысын қатаң жазалауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram