01 наурыз 2023 | 12:38

БҚО-дағы тікұшақ апатына себеп болуы мүмкін нұсқалардың бірі аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатына себеп болуы мүмкін нұсқалардың бірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатына себеп болуы мүмкін нұсқалардың бірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тікұшақтың техникалық жағдайына еш күмән жоқ.

"Қазавиақұтқару" тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты айтар болсам, тікұшақ жаңа, жұмыс істегеніне бір жыл ғана болды, сондықтан оның техникалық жағдайы жақсы болғанына еш күмән жоқ. Авиация әкімшілігі, "Қазавиақұтқару" АҚ қызметкерлерінің қатысуымен комиссия құрылды, тергеу жүргізіліп жатыр. Нұсқалардың бірі - бұл ауа райы жағдайларына байланысты болуы мүмкін. Әлі нақты айта алмаймын. Нәтижесін комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін ұсынатын боламыз", - деді Пішембаев Сенат отырысы кулуарында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 23 ақпанда Оралдан 54 шақырым жерде Батыс Қазақстан облысындағы ашық аумақта Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 "Қазавиақұтқару" тікұшағы қатты қонды. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бортта бес экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған. Екі адам зардап шегіп, төрт адам қаза болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная