17 қараша 2023 | 17:52

Блогерлер кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалаған: күдіктілер ұсталды

Фото: polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Петропавлдағы сауда желісінің басшылығынан ақша бопсалағандарды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Петропавлдағы сауда желісінің басшылығынан ақша бопсалағандарды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауда желілерінің бірінің директорының арызы бойынша жедел іс-шара жүргізген СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жәбірленушіден 50 миллион теңге ақша бопсалағаны үшін Петропавлдың екі тұрғынын ұстады. 33 және 34 жастағы екі жас жігіт әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған ресурстардың авторлары ретінде көпшілік арасында жақсы таныс.

Реклама
Реклама

"2022 жылдың басынан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғауды ұран еткен ер адамдар Петропавлдың сауда нүктелерінде рейдтер жүргізіп отырған; блогерлер ретінде сауда желісі қызметкерлерінің қатысуымен арандатушылық сипатындағы бейнероликтер түсіріп, полиция мен өздері арасында жанжалды жағдайлар жасап отырған.

Алайда олар желідегі аудитория арасында зор танымалдыққа ие болмаған; YouTube арнасы мен Instagram желісінде бірнеше мың жазылушысы бар, көпшілігі СҚО тұрғындары. Арандатушылық пен жанжалдар кезінде мерзімі өткен өнімді сату фактісін желеу етіп жүрген", - делінген хабарламада.

Алайда кей жағдайларда — шоколад, сусындар сияқты тауарлардың ақшасын төлемей өздерімен бірге алып кетіп отырған. Күдіктілер рейтдік шараларымен​ бірге мемлекеттік органдарға сауда орындарында анықталған заңбұзушылықтар туралы шағымдарды жіберген.

Осындай әрекеттері арқылы​ бизнесті жоспардан тыс тексеруге себепші болды. Қыркүйектің басында олар бопсалау арқылы сауда желісінің өңірлік директорынан өз әрекеттерін тоқтатуға 50 миллион теңге сомасында ақша талап ете бастаған, алайда оларды СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалау арқылы талап етілген соманың 5 миллион теңге көлеміндегі бір бөлігін алып жатқан жерінде ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тінту шаралары мен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная