06 желтоқсан 2023 | 10:19

Бопсалаушы-блогер пойыз қызметкерлерінен миллиондаған ақша "тапқан"

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Семей тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Семей тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол бірнеше жыл бойы өзін "блогер" ретінде таныстырып, Семей арқылы ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойызының қызметкерлерін масқаралайтын бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалап келген.

Күдікті жолаушы сияқты пойызға отырып, өзінің жеке пайдасы үшін жолаушылар тасымалы саласындағы заңбұзушылықтарды телефонына түсіріп, ақша бопсалауға пайдаланған.

Реклама
Реклама

"Бұл қылмыс ұзақ уақыт бойы полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалды, себебі жәбірленушілер қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына "сигналдар" түсе бастағаннан кейін ғана күдіктінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Қаскөй ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жолаушылар пойыздарының 60-тан аса қызметкері жәбірленуші ретінде танылды. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша ұсталған адамның банк шоттарына 2021 жылдан бері 48 миллион теңгеден аса қаражат түскені анықталды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная