"Ботаникалық бақ маңындағы ТЖ". Нұр-Сұлтан полициясы желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

"Ботаникалық бақ маңындағы ТЖ". Нұр-Сұлтан полициясы желідегі видеоға қатысты пікір білдірді видеодан үзінді

Полицейлер мессенджерлер мен әлеуметтік желіде таралып жатқан "Ботаникалық бақ маңындағы ТЖ" деген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Полицейлер мессенджерлер мен әлеуметтік желіде таралып жатқан "Ботаникалық бақ маңындағы ТЖ" деген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Кадрда құрылыс объектісінде күнқағардың құлауының салдары бейнеленген. Видео авторы құтқарушылардың үйінділер астынан адамдарды шығарып жатқанын айтады. Қазақстандық желі пайдаланушылары оқиғаның Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақ аумағында болғанын жазды. Алайда, астаналық полиция департаментінің мәліметінше, бұл хабарлама - жалған. 

Жарнама
Жарнама

"Бұл ақпарат жалған, полицияға және шұғыл қызмет кезекші бөлімдеріне хабарлама түскен жоқ. Таратылып жатқан видео, сондай-ақ дыбысстық хабарламаны құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Аталған ақпаратты таратуға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Құқық қорғау органдарында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту жасалды.

Айта кетейік, бұл видео Ресейде жарыс трассасының құрылысындағы оқиғаның салдары түсірілген. 47news.ru порталының мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ленинск облысында болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама