БҚО-да оқушы қыз 12 жасында босанып алған

© pixabay.com

Батыс ?аза?стан облысында к?мелет жасына толма?андар арасында екі ж?ктілік жа?дайы тіркелді. ?ыздарды? жасы 12-де ж?не 14-те, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Батыс Қазақстан облысында кәмелет жасына толмағандар арасында екі жүктілік жағдайы тіркелді. Қыздардың жасы 12-де және 14-те, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Мұндай мәліметті ювеналды полиция қызметкерлері Оралда 17 қарашада Бүкіләлемді балалар күніне арналған "дөңгелек үстел" барысында айтты. Екі деректі де ювеналдық полиция қызметкерлері білім беру мекемесінің құжаттарын тексеру барысында анықтаған. Екі оқушы қыз да босанған және, баланың әкесімен татуласқан. 

Ювеналдық соттың төрағасы Сұлуханым Қадіралиева кәмелет жасына толмағандарды зорлау бойынша көптеген істерді қарайтынын айтады. 

Реклама
Реклама

2017 жылы 10 айдың ішінде ювеналдық сот осындай алты істі қараған. Бес іс бойынша қылмыскерлер сотталған. Ал бір істе екі жақ мәмілеге келуіне байланысты іс тоқтатылған. Қыз бала сол жігітке тұрмысқа шыққан. 2016 жылы осы іс бойынша екі зорлықшы сотталған. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша 2017 жылы іс тіркелмеген. Ал 2016 жылы осы бап бойынша төрт адам сотталған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама