БҚО-да сұмдық жол апатынан 4 адам қаза тапты

Видео кадрлары

Б?О-да жант?ршігерлік жол апатынан 4 адам ?аза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс ?аза?стан облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше оқиға 2 маусымда Орал - Ақсай тасжолының 77-ші шақырымда шамамен 19:00-де Бөрлі ауылына жақын маңда болған. Volkswagen Sharan маркалы екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. 

Volkswagen көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен де, маркалас көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тапқан және 9 адам түрлі жарақатымен Ақсай қаласындағы және Федоровка ауылындағы аудандық орталық ауруханасына жатқызылған. 

Реклама
Реклама


Куәгер жолдаған сурет

Кейін зардап шеккен 1975 жылғы әйел 22.55-те қайтыс болды. 

ІІД мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу бірыңғай реестріне тіркелген. Тергеу жүріп жатыр.


Куәгер жолдаған видео

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама