БҚО-да жол апатынан 24 жастағы қыз қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 24 жастағы қыз қаза тапты

Батыс ?аза?стан облысында Самара-Шымкент тасжолында KIA автомобилі мен ж?к к?лігі со?ты?ысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында Самара-Шымкент тасжолында KIA автомобилі мен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің хабарына қарағанда, жеңіл көлік қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. 

Жергілікті полиция қызметі жол-көлік оқиғасының қаладан 20 шақырым жерде Зеленов ауданының Махамбет ауылының маңында болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға орнына ЖПҚ қызметкерлері аттанды. Олар хаттама толтырып жатыр. 

Реклама
Реклама

"Апат салдарынан бір қыз қаза тапты. Жол көктайғақ. Қазір мұз еріді. Осы әсер еткен болуы мүмкін", - деп хабарлады БҚО ІІД өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар жол-көлік оқиғасынан 1994 жылғы қыздың қаза тапқанын хабарлады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама