БҚО-да жүк көлігі өртеніп, жүргізуші күйіп қалды

© mgorod.kz

Зеленов ауданында?ы Владимировка ауылыны? ма?ында Volvo маркалы ж?к к?лігі ?ртенді, деп хабарлады "Мой город".

Зеленов ауданындағы Владимировка ауылының маңында Volvo маркалы жүк көлігі өртенді, деп хабарлады "Мой город".

Порталдың хабарлауынша, оқиға 18 ақпан күні таңертең болған.

БҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Жазира Әбдірахманованың айтуынша, көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар сағат 08.28-де жеткен. Оқиға болған жерге жедел жеткен мамандар жүк көлігіне катушканың, кабельдердің және металл құбырлардың тиелгенін анықтады. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол күйіп қалған.

Реклама
Реклама

"Жүргізуші облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа ауыр. Ол қазір тексеруден өтіп жатыр", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, өрт сағат 11.40-та толық ауыздықталды. Өрттің неден шыққаны, кімнің кінәлі екені және шығынның көлемі анықталып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама