13 қараша 2019 | 09:24

Бір ай бұрын жоғалған 16 жастағы қыз Шымкенттен табылды

Шымкенттегі көшелердің бірі. © mapio.net

Полицейлер бір ай бұрын Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан жоғалып кеткен қызды Шымкенттегі көшелердің бірінен тауып алды, - деп хабарлайды Otyrar.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер бір ай бұрын Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан жоғалып кеткен қызды Шымкенттегі көшелердің бірінен тауып алды, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Оқушының анасы 2003 жылы туған қызы 11 қазанда Шымкентке жолға шығып, содан жоғалып кеткенін хабарлаған. Кәмелет жасқа толмаған қызды іздеуге полиция бөлімінің толық жеке құрамы жұмылды. 

Реклама
Реклама

Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын өткізіп, жоғалған қыздың болуы мүмкін жерлерді тексерді, мәлімет білуі мүмкін куәгерлермен сөйлесті. Түркістан облысы мен Шымкент полициясының барлық бөлімшесіне қыздың суреттері жіберілді. 

Іздестіру басталғаннан кейін бір аптадан соң Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Сансызбай Демеу қызды Шымкент көшелерінің бірінен тауып, ата-анасына алып барған. Қазіргі уақытта полицейлер қыздың қалай жоғалып кеткенін тексеріп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная