24 қараша 2021 | 17:30

Бір күнде 107 жол апаты: Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұр-Сұлтан полицейлері қалың қар, көктайғақ пен кептеліске байланысты жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан полицейлері қалың қар, көктайғақ пен кептеліске байланысты жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте елордада 107 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан алты адам зардап шекті. Тек бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап 78 жол-көлік оқиғасы болды", - деп жауап берді Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісі сауалына.

ДП мәліметінше, бүгін түнгі сағат 1 шамасында Hyundai H-1 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Бараев көшесімен Уәлиханов көшесіне қарай келе жатып, Nissan Maxima көлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік қоршауға соғылып, арыққа құлап, тағы бір Toyota Estima көлігін соққан.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Hyundai автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

"Жүргізушілерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз. Жаяу жүргіншілерге де мұқият болу керек", - деді департаменттегілер қала тұрғындарына.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная