ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2023 | 15:27
Бір отбасы қаза болды: БҚО-дағы жантүршігерлік апаттың мән-жайы белгілі болды
Бір отбасы: ерлі-зайыпты мен төрт баласы қаза тапқан жол апатының егжей-тегжейі белгілі болды. Олардың ең кішісі бір жаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бір отбасы: ерлі-зайыпты мен төрт баласы қаза тапқан жол апатының егжей-тегжейі белгілі болды. Олардың ең кішісі бір жаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте кешке Самара-Шымкент тасжолында болған. Lada Priora мен ауыр жүк көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан 34 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел және 11, 10, бес және бір жастағы төрт бала қаза тапты.
"Жүк көлігі Ақтөбеден келе жатқан. 37 жастағы ер адам тізгінде отырған. Ол сау болған. Lada Priora көлігі Сырым ауданына Круглоозерныйдан келе жатқан. Көлікте күйеуі мен әйелі және олардың төрт баласы болған. Соқтығысқаннан кейін Lada жүргізушісі мен барлық жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен", - деді БҚО ПД бастығының орынбасары Жанболат Жаншин 18 қыркүйекте өткен брифингте.
Сондай-ақ, ол Lada Priora жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен немесе басқа жаққа алаңдап кеткен болуы мүмкін деп болжады. Алда көлік жоқ, ешкімді басып озбақ болмаған.
"Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жолаушылар көлігінің жүргізушісінің қарсы жолаққа қалай шығып кеткенін, тіпті соқтығысудан қашпақ болғанын көргенін, сигнал беріп, жарықты жыпылықтатқанын айтты. Бірақ бетпе-бет соқтығысудан ғана қашып үлгерген. Жеңіл көлік тіркемеге соғылды, соқтығыстан кейін ауыр жүк көлігі аударылып кеткен", - деп хабарлады Жанболат Жаншин.
Полицейлер марқұм болған отбасында бір бала қалғанын да атап өтті. Ол мектеп оқушысы, қалада оқиды. Оның ата-анасы мұғалім болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также