Бір тоннадан астам дәрі-дәрмек контрабандасына тосқауыл қойылды

Бір тоннадан астам дәрі-дәрмек контрабандасына тосқауыл қойылды ©virtual.brest.by

Қазақ-қытай шекарасындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде бір тоннадан астам дәрі-дәрмек контрабандасы әшкереленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жасы 32-дегі әйел адам бір тоннадан астам дәрі-дәрмекті елімізге заңсыз жолмен өткізуге әрекеттенгені үшін ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта контрабанда жүгі бақылау-өткізу бекетінде. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-тармағына сай қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған әйелдің қай елдің азаматшасы екені хабарланған жоқ. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ-қытай шекарасында 100 келіден астам дәрі-дәрмек контрабандасының жолы кесілген болатын. "Қорғас" өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары елімізге дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған Қазақстанның 20 жастағы азаматын ұстады. Ол дәрі-дәрмекті елімізге жасырын жолмен өткізуге тырысқан. Аталған дерек бойынша материалдар Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасына берілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама