19 ақпан 2015 20:45

Браконьерлер Ақтөбе облысында 60 бас киікті қырып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тengrinews.kz мұрағатынан Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Ақтөбе облысында браконьерлер 60 бас киікті қырып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысында браконьерлер 60 бас киікті қырып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторларының Ырғыз ауданы аумағындағы рейді кезінде Қызылорда облысының шекарасынан, Ақбастөбе елді мекеніне таяу маңнан 60 киіктің денесі табылды. Браконьерлер оларды атып өлтірген. Бұл дерек Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне және Арал аудандық ішкі істер бөліміне хабарланды. Оқиға орнына тергеу тобы аттанды.

Киіктердің Қызыл кітапқа енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынғаны белгілі. Санының сиреп бара жатқанына байланысты бұл жануарларды Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (IUCN) ерекше санатқа жатқызады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети