ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2022 | 09:29
"Бірден таныдым". ШҚО тұрғыны 18 жыл өлді деп санаған ұлын тапты
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өлді деп санап жүрген ұлын тауып алды. 18 жыл бұрын ер адамды әйелі тастап кетіп, ұлын балалар үйіне тапсырған. Бұл кезде ол іссапарда болған. Ер адам қайтып келгенде, ұлы қайтыс болғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өлді деп санап жүрген ұлын тауып алды. 18 жыл бұрын ер адамды әйелі тастап кетіп, ұлын балалар үйіне тапсырған. Бұл кезде ол іссапарда болған. Ер адам қайтып келгенде, ұлы қайтыс болғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Кездесу кездейсоқ болған. Константин Гусев пробация қызметі есебінде тұрады және тұрғылықты жерін өзгертпек болған. Қызметкерлер оның туыстары туралы ақпаратты дерекқордан іздеп, Игорь Гусев деген есімді кездестіреді және ол ер адамның әкесі екені белгілі болады.
Жалғыз ұлы тірі екенін Игорь Гусев күтпеген телефон қоңырауынан білген. Осыдан 18 жыл бұрын ер адам іссапардан оралғанда туыстары әйелі кетіп қалғанын, ал 12 жастағы ұлы қайғылы қазаға ұшырағанын айтқан.
"Иә, іздеп көрдім, бірақ олар өлді деп айтты, содан кейін іздеуді қойдым. Басында сенбедім. Біз кездесіп, құшақтасып, үйге келік. Мен оны бірден таныдым. Ол өсіп кеткен, әрине, өскен", - дейді Игорь Гусев.
Константиннің анасы шынымен де кетіп қалған, 12 жастағы ұлын балалар үйіне тапсырғаны белгілі болды. Бала сонда өсіп, орта мектепті бітіріп, жиһаз жасау мамандығы бойынша диплом алған. Константин қазір бәрі артта қалды деп сендіреді. Ең бастысы, ол әкесін, құшақ жая қарсы алатын үйін тапқан.
"Әрине, қуандым. Жұмыс істеу, пәтер алу жоспарым бар. Мен балалар үйінен кезекте тұрмын, пәтер кезегіне тұрдым", - деп бөлісті Константин.
Гусевтің жеке үйі, шаруашылығы бар. Жергілікті ауылдық әкімдікте жұмыс істейді. Баласына жұмысқа тұруға көмектесемін дейді. Рас, Константин әлі біраз уақыт пробация қызметінде есепте тұрады.
"Қазіргі уақытта Константин әкесімен Глубокое ауданында тұрады. Әкесі оны үйіне тіркейтінін айтты, одан ары оны есептен шығарып, тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне есепке қою үшін Глубокое ауданына жібереміз", - деді ШҚО ҚАЖД Ұлан аудандық пробация қызметінің бастығы Жанболат Кеңесханов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также