Бішкек - Алматы тасжолындағы апат: Mercedes екіге бөлініп қалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
видео кадры

Алматы іргесіндегі Бішкек тасжолында жол апатына түскен көлік екіге бөлініп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы іргесіндегі Бішкек тасжолында жол апатына түскен көлік екіге бөлініп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды.

"Қалаға қарай, Әйтей ауылы маңында жантүршігерлік апат", - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын айтты. Жол апаты 24 сәуірде таңғы сағат 09:20-да болған. Жүргізуші аман қалды, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр.

"Алматы-Бішкек тасжолымен келе жатқан Mercedes көлігінің 61 жастағы жүргізушісі 33-шақырымда рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама