18 шілде 2022 | 08:53

Бұқтырма су қоймасында 24 адам мінген қайық батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/oskemenlive

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 24 адам мінген қайық батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 24 адам мінген қайық батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға жексенбіде сағат 19:00-де "Аюда" демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған.

"Секундына 20 метрге жеткен қатты жел салдарынан "Садко" демалыс орталығынан "Аюда" базасына бет алған тұрақты жолаушылар қайығы суға бата бастаған. Бортта 24 адам, яғни 21 жолаушы және үш құрамнан құралған команда болған", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіге тараған куәгер видеосы.

Суға батып бара жатқан қайыққа жағадағы демалушылар көмекке келген. Олар гидроскутерге отырып алдымен балаларды, кейін барлық азаматтарды жағаға жеткізген.

"Барлығы 21 жолаушы құтқарылды. Олар "Аюда" базасына орналастырылды. Барлық азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес. Жолаушылардың заттарын құтқарушылар оқиға орнынан жағалауға жеткізді", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная